Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Балалар біздің болашағымыз» /тәрбиелік шара/
Колледж жаңалықтары

«Балалар біздің болашағымыз» /тәрбиелік шара/

Бүгін бүкіл әлемде 1 — маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтілуде.
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Бүгін Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімі бітіруші топ түлектерінің ұйымдастыруымен «Балалар біздің болашағымыз» тақырыбында қашықтан тәрбие шарасы өтті.
Шараның басты мақсаты: болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға барлық жағдай жасау керектігі туралы болды. Бала жанының бағбаны - болашақ тәрбиешілер осы мерекенің шығу тарихын айта келіп, еліміздегі тыныш та бақытты өмір сүріп жатырған бөбектерге жүрекжарды құттықтауларын жолдады. Балалар өмірінің негізі – қызықты ойындар ұйымдастырып, режимдік сәттерден көріністер көрсетті. Шараны балалардың сүйікті «Үйшік » ертегісінен көрініс көрсетумен аяқтады.

Суталиева К.Е.