Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Қашықтан оқытудың мүмкіндіктері» /облыстық онлайн тәжірибе алмасу конференциясы/
Колледж жаңалықтары

«Қашықтан оқытудың мүмкіндіктері» /облыстық онлайн тәжірибе алмасу конференциясы/

Бүгінгі куні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі және Атырау облыстық Әдістемелік орталықтың техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі ұйымдастыруымен «Қашықтан оқытудың мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық онлайн тәжірибе алмасу конференциясы өткізілді.
Конференция барысында колледж оқытушылары А.Асқарова - «Қашықтан оқытуда болашақ мамандарды кәсіби жетілдірудің тиімді әдістері», Н.Жұмағалиева «Қашықтан оқыту- өзгеге білім беру, өзіңді жан-жақты жетілдіру», К.Рабай «Стресс және стрестің алдын-алу», Г.Серіккалиева «Movavi программасының қашықтан оқытудағы тиімділігі», А.Өтемісова «Қашықтан оқытуда тәжірибелік шеберлік сағаттары» тақырыптарында өз тәжірибелерін ортаға салды.
Конференция жұмысына 40-қа тарта педагог мамандар қатысты.
Шараға қатынасып, өз тәжірибелерімен бөліскен барлық оқытушылардың алдағы жұмыстарына шығармашылық табыстар тілеп, алғысымызды білдіреміз!