“Тәжірибе және оның танымдағы рөлі” /қорытынды конференция/
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Мектеп» бөлімі “Бастауыш білім беру” мамандығы 2(9) б, 2(9) е, 1(11) б топ студенттерінің “Жаратылыстану” тәжірибесі бойынша “Тәжірибе және оның танымдағы рөлі” тақырыбында қорытынды конференциясы ZOOM топтық бейнебайланыс бағдарламасы арқылы онлайн түрде өтті.
Кәсіптік практика кәсіптік білім беру оқу жүйесінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады, оқыту, тәрбиелеу, білім беру саласына қызмет көрсету болашақ мұғалімдерді кәсіптік машықтан өткізіп дайындаудың тиімді нысаны болып саналады.
Конференцияға директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Мұқсиева Н.Е, «Мектеп» бөлімі меңгерушісі Онгарсинова Н.К, топ кураторлары, практика әдіскерлері Оспанова Р.О. , Багитова А.Б. , колледж оқытушылары Асқарова А.Қ, Досмағамбетова Г.А жəне топ студенттері қатысты.
Жаратылыстану негіздері мен дүниетануды оқыту әдістемесі бойынша оқу практикасы жаратылыстану курстары циклінің жалғасы болып табылады. Практика нәтижесінде жертану, өлкетану, өсімдіктану және жануартанудан қосымша теориялық білімдер беруден басқа студенттерді табиғаттың кейбір құбылыстарымен, заңдылықтарымен танысып, далалық жағдайда жұмыс істеу дағдыларына үйренді. Бақылауларды қағазға түсіру, материалдар жинау әдістері, коллекциялар жасау және жерді бағдарлау туралы білімдері қалыптасты.