Ата Заңымызға 25 жыл!!!
Конституция- мемлекеттің негізгі іргетасы. Қазақ хандығы тұсында Алтай мен Атырау атырабының арасында түрлі заңдылықтар калыптасты. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы, би, дала қағидаларының бүгінгі күнге дейін алар орны ерекше. Еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына жеке мемлекет болған соң ішкі, сыртқы саясатын, өз халқының мүдделері мен меншіктерін қорғайтын негізгі заң жүйесі керек болды.
Осы орайда 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымызға биыл 25 жыл болмақ. Ата заң арқасында Қазақстан атауы бүкіл төрткүл дүниеге мәшһүр болды, кең таралды. Бұл айтулы мереке ел, халық үшін аса елеулі.
Құрметті Отандастар! Сіздерді осынау ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Ел аман, жұрт тыныш болғай. Ынтымақ-берекеміз арта берсін.