Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісімен марапатталуы - Суталиева Г.Е.
Колледж жаңалықтары

"ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісімен марапатталуы - Суталиева Г.Е.

Колледжіміздің ардагер ұстазы Суталиева Гүлімжан Ермековна - жоғары санатты педагог, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің" меңгерушісі. Еңбек жолын 1983 жылдан бері аталған колледжде оқытушы, қазіргі таңда "Мектепке дейінгі тәрбие және оқу" бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етуде. Ұзақ жылғы педагогтық еңбегінде бірнеше топтарға жетекшілік етіп, шәкірттерге терең білім, адамгершілік тәрбиеде ұйымдастырушылық қабілетін танытуда.
Құрметті Гүлімжан Ермекқызы еңбек жолыңыздағы тағы бір биік белесті бағындыруыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Замана көшіне ілескен, өзіндік көзқарасы мен ой-пікірі, саяси түсінігі қалыптасқан, білімді де, білікті, саналы ұрпақты тәрбиелеуде отандық білім беру саласына орасан зор үлес қостыңыз. Бүгінгі "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісімен марапатталуыңызбен колледж ұжымы шын жүректен құттықтайды. Отбасыңызға бақыт, жұмысыңызға табыс тілейміз.