Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Аспанды сақтаңыз: өзіңізді қорғаңыз — Озон қабатын қорғаңыз"
Колледж жаңалықтары

"Аспанды сақтаңыз: өзіңізді қорғаңыз — Озон қабатын қорғаңыз"

"Аспанды сақтаңыз: өзіңізді қорғаңыз — Озон қабатын қорғаңыз".
Халықаралық Озон қабатын қорғау күнінің ұраны
Жер бетіндегі әртүрлі экологиялық дағдарыстар мен апаттардың өріс алуы бүкіл адамзат баласына ой салып, халықаралық (әлемдік) деңгейде атап өтілетін айтулы экологиялық күндер белгіленді. Мұндай айтулы экологиялық күндердің өскелең ұрпақтар үшін танымдық және тәрбиелік мәні зор екендігі белгілі. 21 қыркүйек «Жаратылыстану және дене шынықтыру» пәндер бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Озон қабатын қорғаудың» Халықаралық күніне орай биология пәні оқытушысы Ахмет А.Б ұйымдастыруымен «Әлем және Адам» тақырыбында 1 курс студенттеріне танымдық сабақ өтілді. Танымдық сабақта Озон қабаты, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі соның ішінде 310 бап Климатты және Жердің Озон қабатын қорғаудың негізгі принциптері туралы айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
Озон қабаты - Жерді ультракүлгін сәулелерден қорғап тұратын қалқан. Адамзаттың шаруашылық қызметі жер шарындағы экологиялық жағдайдың ушығуына әкеліп соқтыруда. Адамзат экологиялық қауіптің алдын-алудың маңызын түпкілікті түсініп, оны болдырмау үшін белсенді шаралар жүргізуі тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілген осындай шаралардың бірі 1987 жылдың 16-шы қыркүйегінде озон қабатының жойылуы жөнінде Халықаралық Монреаль хаттамасына қол қойылды. 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 16 қыркүйек күнін Халықаралық озон қабатын қорғау күні деп жариялады. Соның құрметіне бұл атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 1995 жылдан бастап аталып өтіледі. Қазақстан Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына және Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 1998 жылы қосылған болатын. Бұл құжатқа қосыла отырып, Қазақстан қаржы ресурстарына және озық елдердің озонды бұзатын заттарды тұтыну деңгейін қысқарту мен озон қабаты бұзылуының, оның халық өміріне әсер етуінің ықтимал қатерін болғызбау саласындағы тәжірибесіне қол жеткізетін болады.