Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛЫ»
Колледж жаңалықтары

«ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛЫ»

«ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛЫ» 
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектеп», «Филология», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Өнер және мәдениет» бөлімдерінің 1 курс студенттеріне «Ұстаздың ұлағатты жолы» атты Қатира тану ZOOM платформасымен қашықтықтан танымдық сағаттары өтті.
Танымдық сағатының мақсаты – болашақ жастарды өнегелі ұстаздың өмір жолы мен ұстаздық істерін насихаттай отырып тәрбиелеу.
Шараны ашу үшін Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қабделова А.С. сөз алып, оқуға жаңадан қабылданған студенттерге сәттілік тілеп, ұлы ұстаз өмірінен сыр шертті. 
Қатира Ермекқызының өмір жолы, жеткен жетістіктерінен сыр шертетін «Ғұмыр дария–Қатира Дүтбаева» бейнебаянын тамашалап Қатира Ермекқызының өмір жолы, ұстаздық жолындағы еңбектері туралы біраз мағлұматтармен танысты.
Бүгінгі студент- ертеңгі маманға ұстаз мамандығының қыры мен сыры, қиындығы мен қызығы туралы әңгімелер айтылып,өлеңдер оқылды.
Танымдық сағат әрмен қарай студенттердің «Ұстаз» туралы көркем сөзімен және «Ұстазым саған мың алғыс» әнімен жалғасын тапты. 
Танымдық сағат барысында студенттер Қатира Ермекқызының колледж жанындағы мұрағаты мен естелік суреттері видеороликпен танысты.
Қатира тану танымдық сағатын қорытындылай келе студенттер білім нәрімен сусындатып, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектері үшін колледж мұғалімдеріне өз алғыстарын білдіріп, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, студент атанғандарын мақтанышпен айтып өтті.