Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдаумен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Колледж жаңалықтары

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдаумен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдаумен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні сағат 13:30-да Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттеріне арналған «заңды бұзбайтын азаматты қалыптастыру» бағытында онлайн форматындағы (ZOOM платформасы арқылы) кездесу өткізілді. Кездесуге "Жас қоғам" қорының басшысы Асхат Қалауов , Атырау облыстық Нотариаттық палатасының жеке нотариусы Атиоллаева Сандугаш Бахтыгуловна, «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының заңгері Нагашыбаева Салима Ергалиевна қатысып, студенттер сұрақтарына жауап берді. Кездесуге 35-тен астам студент қатысты. Сұрақтардың барысы: колледжде оқу бітірген түлегіміз жоғары оқу орнына сырттай оқуға түсті, енді әскерге бара алама, кәмелетке толмаған балалардың кешкі мерзімдегі шектеулері туралы, заңды бұзған адамның болашағы, бөтен адамның суретін әлеуметтік желілерге орналастыру заңдыма, оқу барысына кесел тимейтін етіп жұмыс жасау заңдылығы, студенттердің жауапкершілігі, тағы басқа.