Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫҚ ЕМЕС,ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ»
Колледж жаңалықтары

«ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫҚ ЕМЕС,ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ»

«ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫҚ ЕМЕС,ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ»
Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай, бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір ерлік. Ұстаз десе... Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл-әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесін сезінемін.
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Тәуелсіз ел атанып,тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналар мен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды Қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды солай ардақтауға міндеттіміз» деген. Қымбатты ардагер ұстаздар! Сіздер жалындаған жастық шақтарыңызды, күш жігерлеріңізді өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жұмсадыңыздар. Бүгінде сіздер тәрбиелеген шәкірттер өңіріміздің түкпір - түкпірінде беделді қызметтер атқаруда. Ол сіздердің еңбектеріңіз, жемістеріңіз.Атаулы мерекелердің ішіндегі ең биігінде тұратын Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілеймін.
Сіздердің әрбір берген тәлімдеріңіз шәкірт жүрегінде мәңгі сақталады. Алдыңғы буыннан тәлім ала отырып,іздеріңізді жалғастырушы біздер үшін де үлгі өнеге болып қала бермек.
Құрметпен:
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж директоры
Қарабаева Айжан Сәрсенқызы
https://www.facebook.com/100013796823361/videos/1081985325604685​​​