Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Парасаттылық – жемқорлықсыз қоғамға қадам»
Колледж жаңалықтары

«Парасаттылық – жемқорлықсыз қоғамға қадам»

«Парасаттылық – жемқорлықсыз қоғамға қадам»
«Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» деп парасаттылық қасиетінің мағынасын ашып айтқан екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидің тұшымды пікірлерін басшылыққа ала отырып, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 1(11) мдт топ студенттеріне «Парасаттылық – жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты ZOOM платформасымен қашықтықтан танымдық сағаты өтті.
Танымдық сағатының мақсаты - жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, құқықтық санасын қалыптастыруға, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Шараға колледж директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Әсем Сатымғалиқызы қатысып, тақырыпқа байланысты өз ойымен бөлісті.
Шара барысында студенттер «Парасат үйінің» адам бойындағы рухани қасиеттер, атап айтқанда, сенімділік, жауапкершілік, адалдық, кішіпейілділік, мейірімділік арқылы қалыптасатынын жеткізді.
Сондай – ақ оқу орнындағы құқықтық мәдениет туралы да ойлары ортаға салынды. Яғни колледж ережесін сақтау, оқу процесі кезіндегі құқықтық мәдениеттілік жұмыстарының жүйесі талқыланды.
Психологиялық жағдаяттарды шешу барысында студенттер парасатты тұлға болуы үшін, жемқорлықты жеңуде нақты табысқа жету үшін балаларды ерте жастан бастап адалдық, әділдік сияқты қасиеттерге тәрбиелу қажет екенін ұғынды. Бұл орайда олар өздерінің болашақ мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі мамандығының маңызы мен атқаратын рөлі орасан зор екендігін айтты.
«Отбасы – барлығының басы, жан – жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата – анамен баланың қарым – қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» - деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің тәрбиесі ерте бастан, яғни бесіктен басталуы тиіс деген пікірлер де студенттер тарапынан көрініс тапты.
Қорыта келе, парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек.
Топ жетекшісі: Р.О. Оспанова