Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген»... Барша қазақтың афоризміне, ұлттың ұранына айналған сөз тіркесі. Қазақтың болмысын, мінезін, бәрін өлеңмен өрген ақын, ұлт жанашыры, қайраткер Жұбан Молдағалиев пен нағыз қазақ есімі егіз іспетті.
Колледж жаңалықтары

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген»... Барша қазақтың афоризміне, ұлттың ұранына айналған сөз тіркесі. Қазақтың болмысын, мінезін, бәрін өлеңмен өрген ақын, ұлт жанашыры, қайраткер Жұбан Молдағалиев пен нағыз қазақ есімі егіз іспетті.

...Бар қазақ Жұбанға сенбеп пе еді,
Ақынын пайғамбардай көрмеп пе еді,
Есінен туған елдің шығар қалай
Жырыңмен жас ұрпағын тербеткенің....!
                                            Ә.Тәжібаев
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген»... Барша қазақтың афоризміне, ұлттың ұранына айналған сөз тіркесі. Қазақтың болмысын, мінезін, бәрін өлеңмен өрген ақын, ұлт жанашыры, қайраткер Жұбан Молдағалиев пен нағыз қазақ есімі егіз іспетті. «Пәк сәбимен бесікте уілдеген, дәуірлермен құрдаспын данамын мен»... Сәби Жұбанды бесігінде тербеткен Ақ Жайығы ақынды табиғи талант, адами ер, қарым-қабілеттен кенде қылмаған. Осыдан жүз жыл бұрын Тайпақ топырағында іңғәлаған дауыс ұлттың үніне айналды. Биыл ақынның туғанына - 100 жыл. Жұбан Молдағалиев - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ совет әдебиетінің, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлесін қосқан әдебиет ісінің ұйымдастырушысы, мемлекеттік қайраткер. Соған орай «Жалын атқан – Жұбан ақын» тақырыбында «Мектеп» бөлімінің 4(9) мт тобы қаламгер туралы журналисттік зерттеуін жүргізді.
Жұбан ақын туралы жақсы көп айтылды, әлі де айтылады, оның нар тұлғасы, қазақы кеңдігі, адамшылығы мен кісілік келбеті және адал, асыл қасиеттері туралы ғылыми зерттеулерде, оның өмірі мен өлеңдері туралы еңбектерде талай әлі жазылады.
Жұбан ақын қазір биіктен қуатты жалын шашып:
Мен — казақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім..... деп шыңда тұрғандай көрінеді.

https://www.facebook.com/100013796823361/videos/1090026831467201/​​​