Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «ДІН МАМАНЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСТІ»
Колледж жаңалықтары

«ДІН МАМАНЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСТІ»

«ДІН МАМАНЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСТІ»
Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде 2020 жылдың 16 қазан күні Облыстық АТТ жоспарына сәйкес, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттеріне «Рухани-адамгершілік тәрбиесі және радикалдық діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру» атты кездесу "Zoom" бағдарламасы арқылы өткізілді.
Аталған шарада Облыстық АТТ мүшесі, «Жәрдем-Атырау» КҚ-ң дінтанушы маманы Ернар Абзалов рухани құндылықтарды жеткізе отырып, радикалдық діни идеологияның әрекеттері мен қоғамға тигізіп жатқан зиянын атап өтті. Сонымен қоса, Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпарат талдау орталығында «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалатынын жеткізе отырып, әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір діни ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті.