Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күніне дейінгі сан қырлы тарих жатыр. Кешегі Алтын Орда дәуірінен бастап бүгінгі күнге жеткен ұлы хандар жатқан, елдігіміздің астаналары болған киелі жерлер сол тарихтың бір парағы.
Колледж жаңалықтары

Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күніне дейінгі сан қырлы тарих жатыр. Кешегі Алтын Орда дәуірінен бастап бүгінгі күнге жеткен ұлы хандар жатқан, елдігіміздің астаналары болған киелі жерлер сол тарихтың бір парағы.

Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күніне дейінгі сан қырлы тарих жатыр. Кешегі Алтын Орда дәуірінен бастап бүгінгі күнге жеткен ұлы хандар жатқан, елдігіміздің астаналары болған киелі жерлер сол тарихтың бір парағы.
Сарайшық қаласы – бүгінде сан мыңдаған турист сапарлайтын қала. Өйткені әлемнің әрбір тұрғындары Алтын Орда тұсындағы дүниенің ең сұлу, ғажайып қаласының орнын тамашалағысы келеді.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі "Мектеп" бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес бөлімнің 1 және 2 курс студенттері “КИЕЛІ ЖЕРЛЕР – ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ЖАҢҒЫРУ НЫШАНЫ" тақырыбында "Сарайшық” мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығына ZOOM платформасы арқылы тарихи танымдық саяхат жасады.
Сарайшық қаласының тарихымен танысу үшін студенттер хандар жерленген қасиетті жер күмбез астындағы алып бәйтерекпен танысып, 1999 жылдың 3 қыркүйегі күні Елбасы Атырауға келген сапары барысында ашқан Сарайшық мұражайымен танысты.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының тізіміне енген Сарайшық – Қасым хан мен Алтын Орданың негізін қалаған Батудың арманын ұрпаққа жеткізетін бекініс болып саналады.
Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы,
есте қалар өмір, өткен күннің іздері.
                                            Цицерон.