Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Колледж оқытушыларына «Критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды
Колледж жаңалықтары

Колледж оқытушыларына «Критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды

Әлемде білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің өзіндік нәтижесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте біз үшін білім алушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып отыр. Ал біздің еліміздегі білім жүйесінде басым жағдайда білім алушылар өздерінің алған теориялық білім деңгейімен бағаланып, сонымен ғана шектеліп жататыны белгілі. Осы орайда оқушы білімін критериалды бағалау – педагогтарға нақтылық алып келетін бірден-бір жүйе.
Қорыта айтқанда, кіріктірілген білім бағдарламасы, ондағы білім алушыларды критериалды бағалау – заман талабына сай шәкірт білімін дәл айқындауға мүмкіндік беретін бақылау жүйесі.
Осы орайда колледж оқытушыларына «Критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды. Вебинар спикері: ҚЕАК «Talap» штаттан тыс тренері Бекесова Венера Бурхановна.