Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы Құрметті қызметкері Суталиева Гүлімжан Ермековна таныстыра отырып, парасаттылық, адалдық туралы студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Колледж жаңалықтары

Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы Құрметті қызметкері Суталиева Гүлімжан Ермековна таныстыра отырып, парасаттылық, адалдық туралы студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде студенттерге арналған «Парасаттылықпен – әділет жолына» атты онлайн тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Шараның мақсатын «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы Құрметті қызметкері Суталиева Гүлімжан Ермековна таныстыра отырып, парасаттылық, адалдық туралы студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Парасаттылық сана сезімі қа¬зіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойын¬да міндетті қолданылатын қа¬сиет¬тердің бірі болуы керек.
Әл-Фараби өз сөзінде «Ба¬қыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақ¬сат¬пен кездейсоқ рақат үшін емес, адам¬ның өз мінез- парасаттылық қасиетінің ма¬ғынасын ашып айтқан болатын.
Шараға қатысушылар «Парасаттылық – адалдық жолына бастар жол» тақырыбында бейнекөрсетілімді тамашалап, өз пікірлерін білдірді.
«Сыбайлас жемқорлықты жеңуде нақты табысқа жету үшін балаларды ерте жастан бастап парасаттылық, адалдық, әділдік сияқты қасиеттерге тәрбиелеуіміз қажет. Яғни, балаларға білім беру мен тәрбиелеудің ең алғашқы сатысы – бұл мектепке дейінгі мекемелер, балабақшалар және тәрбиешілер. Бір сөзбен айтқанда, біздің болашақ маман ретінде, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісіне артылған міндет қызықты да қиын деп айтуға болады» деген пікірлерден шара өз мақсатына жетті деуге болады.