"Бізде студент болғанбыз..."
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі ,"Өнер және мәдениет" бөлімінің ұйымдастыруымен "Бізде студент болғанбыз..." атты ардагер ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі Гүлназ Нұралықызы Төлесінова мен колледж түлегі, Д.Байбосынов атындағы 13 ұлттық мектеп гимназия директоры Досжан Болатбекұлымен биылғы оқу жылында қабылданған студент жастармен онлайн кездесу өтті.Кездесудің мақсаты педагог мамандығының ұрпақ тәрбиесіндегі айрықша үлесін жастарға насихаттау.