Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Қашықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»
Колледж жаңалықтары

«Қашықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде жас оқытушыларға әдістемелік көмек беру, қашықтан оқытудың әдіс- тәсілдерін пайдалануды, презентация жасау жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын көрсету, оларды қолдануды үйрету мақсатында «Қашықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында жас мамандарға арналған республикалық онлайн - вебинар өтті.
Вебинарда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Ә.Молдағұлова атындағы мектептің тренері, онлайн педагог Койлыбаева Гульнур Жанабековна Қашықтан оқытуда Google қызметтері: Google Docs, Google Duo, Google Meet туралы және оны пайдалану жолдарын көрсетті. Онлайн тақта сервистері- Jamboard тақтасымен жұмыс көрсетіліп, кері байланыс жүргізілді.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі педагогика пәні оқытушысы Аскарова Армангул Каленовна презентация жасау стилистикасы мен жолдарына тоқталды. Онлайн-вебинарда жас мамандардың кәсіби тұрғыдан дамуына әдістемелік қолдау көрсетілді.