Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Еңселі елдің Елбасы»
Колледж жаңалықтары

«Еңселі елдің Елбасы»

Қазақ елінің Тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік.

16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі» туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. Осылайша, тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Елбасы бірінші желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Елбасы Қазақстанның бірлігін, Конституциясының панасын, адамның құқығы мен бейбітшілігін қамсыздандырған, негізін салушы болып табылады.Әлемнің бірқатар елдері мемлекеттерінің іргетасын қалаған арда ұлдарының еңбегін елеп-ескеріп, олардың билік басына келген күнді салтанатты түрде, Жоғары Парламентінің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып келеді.

Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы да ерекше. Елбасы «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырып жыл сайын қаншама қазақ жастары әлемнің жоғары оқу орындарында білім алып келді, жаңа технологиялар игеріле бастады. Сайып келгенде, уақыт өте келе, ондай кадрларды Қазақстанда даярлау ісі қолға алынды. Назарбаев интеллектуалды мектептер, «Назарбаев Университеті» талантты балдарға есігін айқара ашты. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен 30 жыл уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тіресіп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатын әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Елдің ең бағалы игілігі –оның тұрғындары, Қазақстан халқы. Елбасының мұраты-елдің алдыңғы қатарлы мемлекеттер легіне қосу, қазақ халқын өркениет биігіне көтеру. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында деп білемін.

Садықова Арайлым Әлібекқызы

Әлеуметтік –экономикалық пәндер оқытушысы