Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі
Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.
Құрметті ұстаздар, студенттер, ата-аналар ! 1 желтоқсан – Елбасы күнімен баршыңызды шын жүректен құттықтаймын.
Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келген Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.
Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Бұл - ғасырлар тоғысында ата - бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалғаны шындық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар екі онжылдықта жүзеге асты. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын!
«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Баршаңызға мерекелік көңіл - күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
Құрметпен: Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж директоры Қарабаева Айжан Сәрсенқызы