Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Ұлы Дала көшпенділер өркениетінің бастауында тұрған ерекше мәдениетке төрткүл дүниенің қызығушылығын арттырған жылқы малы болып табылады. Қазақ халқында жеті саны дүниетанымында киелі орын алады
Колледж жаңалықтары

Ұлы Дала көшпенділер өркениетінің бастауында тұрған ерекше мәдениетке төрткүл дүниенің қызығушылығын арттырған жылқы малы болып табылады. Қазақ халқында жеті саны дүниетанымында киелі орын алады

Ұлы Дала көшпенділер өркениетінің бастауында тұрған ерекше мәдениетке төрткүл дүниенің қызығушылығын арттырған жылқы малы болып табылады. Қазақ халқында жеті саны дүниетанымында киелі орын алады. Жеті қазына, жеті ата, жеті шелпек секілді наным сенімдері ұлы дала халқы ежелгі көне дәуірден бастап мән берген.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген жаңа арнайы «Дәстүр мен ғұрып» және Әдістемелік орталықтың «Отан менің өзімде» жобасын іске асыру бағытындағы 23-29 қараша аралығында өткізілген «Ұл-шаңырақ иесі» тақырыбындағы ұлдарға арналған апталықтың жоспары бойынша «Мектеп» бөлімінің 4(9) мт топ студенттері Асылбек Э., Сатханов Н. «Ұлы даланың жеті қыры:Атқа міну өнері» тақырыбындағы шараға өз бейнероликтерін дайындады.
Көшпенділер жеті қазынада алғашқы орында жылқы малын ерекше қастерлеп отырған.
Жылқы – қазақ халқының сенімді серігі, елтаңбамызда қанатты тұлпар бей¬неленуінің сыры осында. Қазіргі таңда жыл¬қыны ондап, жүздеп, мыңдап өсіре¬тін шаруалар, кәсіпкерлер қатары өсіп келеді. Ұлттық ат ойындары: ат бәйгесі, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, асауды үйрету, т.б. қолға алынып, қайта жаңғыруда.
Жанына халқымыздың жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан,
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы,
Қашаннан қазақ халық жылқы баққан.
Атты артық көрген елміз мінген тақтан,
Қызық-ай біздің бәйге қырда шапқан,
Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей,
Аттарға шаң шығарып келе жатқан.
Жасымнан жылқы десе менің жаным,
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын,
Жапанда жел жылқының үстінде өстім,
Мекендеп өмірімде аттың жалын.
Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім,
Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған әнім,
Аспан асты, жер жүзі – кең сахара,
Күн көріп атам қазақ келген мәлім.
Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы-байын,
Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым,
Сүйген жар, сенген достан жылқы жақын,
Білген жан бекер демес аттың жайын, — деп Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров атақты «Құлагер» поэмасында жырлап еді. Жылқы – қазақ халқының сенімді серігі, елтаңбамызда қанатты тұлпар бей¬неленуінің сыры осында. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде атакәсібіміз – жылқы шаруашылығын дамыту қайта¬дан қолға алынып отыр.