Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Тәуелсіздіктің жеті қыры»
Колледж жаңалықтары

«Тәуелсіздіктің жеті қыры»

«Тәуелсіздіктің жеті қыры»
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде апталық ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында колледж директоры Айжан Сәрсенқызы ұстаздар мен студенттерді мерекемен құттықтап, «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильмдер топтамасын колледждің жас ұстаздары мен колледждің барлық студенттеріне қашықтан бірге тамашалауға шақырды.
Фильмдер 2019 жылдың маусым айында өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткен 7 сын-қатерге негізделген. Азаттықтың ақ таңы атқан тұста еліміз дәл осы қатерлермен бетпе-бет келді, ал оны жеңіп шығу егеменді Қазақстанның даму жолындағы бірегейлігін танытты. Жалпы 7 фильм әзірленген. Оның әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған: экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісімдер, антиядролық бастамалар, жаңа елорда, транзиттік әлеует, қандастарымыздың Отанға оралуы. Фильмдер Елбасының ел дамуына қатысты қабылдаған саяси шешімдерінің куәсі болған белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің пікірлері мен естеліктерінен, сондай-ақ тарихшы, саясаттанушы және экономика саласының мамандарының сұхбаттарынан құралған. Мұның барлығы тиісті суреттермен және бейнематериалдармен қоса берілген .