Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Кәсіптік практика- болашақ маманның өзін-өзі дамытуы
Колледж жаңалықтары

Кәсіптік практика- болашақ маманның өзін-өзі дамытуы

Кәсіптік практика- болашақ маманның өзін-өзі дамытуы
2020 жылдың 21 желтоқсан мен 2021 жылдың 2 қаңтар аралығында 0103023«Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі» мамандығы 4(9)дш(ж) тобында әдіскер Асқарова Армангул Каленқызының жетекшілігімен «Дипломалды практикаға дайындық» тәжірибесі өтті. Екі аптаға бөлінген тәжірибе кезеңі ZOOM платформасында өтті.
Практиканың мақсат-міндеттері, маңыздылығымен таныстырылды. “Тренер Картер” фильмін көру ұсынылды. Фильм желісі бойынша өз пәнімізге, тәжірибемізге алар тұстары түртіп алынды, кері байланыс жасалды.
Машықкерлер практикаға баратын мектептерінің тарихынан мәлімет жинақтап таныстырды. Сонымен қатар, оқу стандарты, үлгілік бағдарлама, оқу жоспары, ҚМЖ-мен таныстырылды және сабақтың үш қырын: теориялық, эмоциялық, әлеуметтік қырларын ашу туралы баяндалды.
2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулықпен таныстырылды. ҚР Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №340 бұйрығындағы "Дене шынықтыру" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі, бағалау ерекшеліктері талданды.
Тәжірибенің қорытынды онлайн конференциясында Исатай ауданы Х.Нәубетов орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің тәжірибелі ұстазы Масалова Мейрамгул және 4(9)дш(ж) тобының студенттері қатысып, тәжірибе алмасты.