Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "The things you didn't know about space"
Колледж жаңалықтары

"The things you didn't know about space"

Желтоқсан айында колледжіміздің Филология бөлім меңгерушісі, ағылшын тілі пәні оқытушысы Доскариева Құралай Ғибратжанқызы шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі мамандығының1 курс студенттеріне шетел тілі пәнінен "The things you didn't know about space" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Биылғы 2020-2021 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңартылған білім беру мазмұны енгізілгені белгілі. Осы орайда Құралай Ғибратжанқызы студенттердің тыңдалым, оқылым, сөйлеу дағдыларын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін жүзеге асыруда жаңартылған оқу бағдарламасының әдіс- тәсілдерін тиімді қолданды.Қашықтықтан оқыту форматына оңтайлы келетін" ZOOM" платформасымен "Nearpod" бағдарлама арқылы сабақты өз мақсатына жеткізді. Оқу мақсаттарына сай берілген тапсырмалар түрі мен деңгейлік жұмыстар студенттердің қызығушылығын оятып, белсенді танылуына себеп болды. Білім алушылардың бағалау критерийі мен дескриптор бойынша жұмыстануды жақсы меңгеріп келе жатқаны байқалды.Бұл студенттеріміздің қашықтықтан оқу жүйесінде де жауапкершілік танытып, әрдайым белсенді әрі сапалы білімге құштарлығын арттырады деп есептейміз.