Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » ҚР Білім беру ісінің үздігі, колледж директоры ҚАРАБАЕВА АЙЖАН СӘРСЕНҚЫЗЫН «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Атырау облыстық мәслихатына сайланған депутаттық мандатымен шын жүректен құттықтайды.
Колледж жаңалықтары

ҚР Білім беру ісінің үздігі, колледж директоры ҚАРАБАЕВА АЙЖАН СӘРСЕНҚЫЗЫН «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Атырау облыстық мәслихатына сайланған депутаттық мандатымен шын жүректен құттықтайды.

Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж ұжымы - педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, колледж директоры ҚАРАБАЕВА АЙЖАН СӘРСЕНҚЫЗЫН «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Атырау облыстық мәслихатына сайланған депутаттық мандатымен шын жүректен құттықтайды.
Құрметті АЙЖАН СӘРСЕНҚЫЗЫ!
Жеңісіңіз құтты болсын! Жерлестеріңіз сізді жалындап жүрген жастық шағыңыздан жақсы таниды. Сонау "Асар" партиясынан басталған елге деген қылаусыз қызметіңіз Сізді тек қана алға жетелеп келеді. Өзіңіз білім алған қара шаңырақты басқарып, ұстаздар салып берген сара жолмен ұлттық болмыс пен қазақы тәрбиені өз деңгейінде ұстап келесіз. Асқан жігерлілік, қайтпас қайсарлық, батыстың қыздарына тән батылдық пен батырлық сіздің бір қырыңыз.
Ұжым өзіңізді жаратылысынан қарапайым, жүзі жарқын, сөзі салмақты, ойы орамды іскер көшбасшы ретінде құрмет тұтады. ҰСТАЗ - АНА- ӘЙЕЛ ретіндегі роліңіз шәкірттеріңізге үлгі. Болашақтағы бастамаларыңызға жаңашылдық пен жасампаздық тілейміз. Еліміздің дамуына қосар тынымсыз еңбегіңіз берекелі болсын!