Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қазақстанның үздік студенті – 2020: Талабы таудай – Шахризада
Колледж жаңалықтары

Қазақстанның үздік студенті – 2020: Талабы таудай – Шахризада

Қазақстанның үздік студенті – 2020: Талабы таудай – Шахризада
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Мектеп» бөлімінің «Математика пәні мұғалімі» мамандығының 4 курс 4(9) мт топ студенті Нұрлыбек Шахризада Асхатқызы топ кураторы Айнұр Багитовнаның жетекшілік етуімен «Қазақстан 2020:Болашаққа жол» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында өткен «Жылдың үздік студенті» атты республикалық байқауға қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен, «Жылдың үздік студенті» төсбелгі және куәлігімен марапатталды.
Білім және ғылым министрлігі, ғылым комитеті және мемлекет тарихы институты мен «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық-ғылыми зерттеу орталығының ортақ мақсаттағы үйлестіруімен бұл дәстүрлі байқау жыл сайын еліміздегі жоғары және арнаулы оқу орындары студенттерінің инновациялық әлеуетін арттыру, жастардың зерттеушілік қабілеттерін дамыта отырып, тәжірибе алмасуы бағытында тұрақты ұйымдастырылып келеді. Биылғы білім мен біліктілік бәсекесі әлем жұртшылығын әбігерге салған жұқпалы дерттен қорғанудың сақтық шараларына сәйкес қашықтан жүргізілген болатын.
Шахризада оқу мен тәрбие және қоғамдық шаралар бойынша жетістіктері жинақталған портфолиосын жолдап, нәтижесінде 450 студенттің ішінен таңдаулы екі жүз үздіктің бірі болды. Енді болашағынан үлкен үміт күттіретін бұл студенттің жемісті жетістіктерімен қалың жұртшылық «Қазақстанның Үздік студенті – 2020» атты республикалық кітапты оқу арқылы жан-жақты таныса алады. Бұл құрметті жинаққа республика көлеміндегі жоғары оқу орындары және колледж студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалар мен конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, еліміздің ұлттық құрама мүшелері, спорттық олимпиадалар мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған таңдаулы тұлғалардың есімдері енгізілетіндігін айрықша атап айтқанымыз абзал.
Шахризада әрбір күнін байыппен бағамдап, бос өткізбеуді дағдыға айналдырған. Облыстық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруға үлесін қосып, жастық жігерін жақсы істерге жұмсап келеді. Үнемі ізденісте жүретін талғамы мен талабы таудай және болмысы мен бітімі бөлек ұғымтал студент осы кең дүниенің берік кірпіші ретінде қаланып, бәсекеге қабілетті білігімен тәуелсіз мемлекетіміздің ілгері дамуына кәсіби мамандығымен лайықты үлес қосуды азаматтық парыз деп санайды.