Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Фариза Оңғарсыноваға арналған «Поэзия падишасы» атты поэзиялық кеш
Колледж жаңалықтары

Фариза Оңғарсыноваға арналған «Поэзия падишасы» атты поэзиялық кеш

2021 жылдың қаңтар айының 25-і күні «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің ұйымдастыруымен (жетекшілері: Кушергалиева А. Н., Ізбасарова Ә. Н.) поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Поэзия падишасы» атты поэзиялық кеш онлайн түрде өткен болатын. Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандыратыны сөзсіз. Сондай ақынның шабытпен жырлаған өрнекті өлеңдерін «Филология» бөлімінің 1-4 курс студенттері нақышына келтіре, мәнерлеп оқи білді. Әдебиет әлемінде аты мәңгі сақталып қала беретін поэзияның өшпес жарық жұлдызына айналған Фариза ақынның сөзіне жазылған «Жайықтың толқындары» әні де орындалды. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген қайталанбас тұлға Фариза Оңғарсыноваға арналған кеш ақынның «Ұстаз» өлеңін үйірменің белсенді студенті Маратова Шұғыланың орындауымен аяқталды.

[media=https://www.facebook.com/100013796823361/videos/1170565553413328/]