«Маман тәрбиелеудегі үйірме жұмыстарының рөлі»
10 ақпан күні Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Маман тәрбиелеудегі үйірме жұмыстарының рөлі» тақырыбында үйірме жетекшілерімен кезекті жиналысы өтті.
Колледжде қазіргі таңда 11 үйірме жұмыс жасап жатыр. Оқыту үдерісі барысында жастардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру, қабілеттерін дамыту мақсатында оқытудың қосымша әдіс-тәсілдері ауадай қажет. Сондықтан оқытушы кәсіби білімін шыңдап үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Осы орайда студенттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, үйірме жұмыстарын да ұйымдастырудың маңызы зор деп білеміз.
Өз қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты студенттер үйірмелердің қажеттісін таңдай отырып, шығармашылық қабілетін арттырып, білімдерін жетілдіруге толық мүмкіндіктері бар.
Колледжіміздегі үйірме жұмыстары мынадай мақсаттарды көздейді:
– білім алушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;
– жұмысты студенттердің өз еркімен, қалауымен орындауы;
– жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
– патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру;
– аудиториядан тыс тілдік дайындығын нығайту;
– студенттердің зияткерлік, шығармашылық ізденістерін жетілдіру, танымдық қабілеттерін арттыру;
– студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуеттін дамыту;
– жан-жақты, білімді де білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Студенттердің өздері таңдаған үйірме жұмыстарына атсалысуы және шығармашылық белсенділіктерінің жоғары деңгейде болуы – сапалы білім алудың қайнар көзі, ажырамас бөлігі болып табылады