Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Әлем күнмен, Адам біліммен жарық болады»
Колледж жаңалықтары

«Әлем күнмен, Адам біліммен жарық болады»

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі арнайы пән оқытушылары Баймұқанова Гүлжан Қыздарбайқызы мен Асқарова Армангүл Қаленқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақ халқының ұлы педагог ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын, педагогикалық идеяларын насихаттау, жалпыадамзаттық құндылықтар қалыптастыру, Отанға деген құрмет, ұлттық мақтаныш сезімдерін бекіту, білім беруде озық тәжірибелермен алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 16 ақпан күні «Әлем күнмен, Адам біліммен жарық болады» тақырыбында ZOOM платформасымен республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинар өткізілді.
Білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі директоры, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Құсайын Жомарт Қоңырбайұлы да семинарға сәттілік тіледі.
Сөз алған спикерлер Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының Орта білім орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Мукушева Алмагуль Наурызбаевна «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім деңгейлерінде мемлекеттік тілді дамыту», Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі педагогика пән оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Баймұқанова Гүлжан Қыздарбайқызы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі- бұл ұстаздың жемісі, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы «Колледж тарихы сыр шертеді», Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Өзін-өзі тану мұғалімі» мамандығының 3 курс студенті Мақсотов Қуаныш «Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары», Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті Тоқкожаева Айгул Ерболқызы «Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің психологиялық негізі», Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығының 2 курс студенті Шораева Гүлнұр«Ыбырай Алтынсарин шығармалары - тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыбында ой қозғады.
Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайға онлайн саяхат жасаған Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың тарих пәні оқытушысы Досжанова Жанагул Темірқызы «Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының құнды экспонаттар тарихы» туралы баяндады.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Математика мұғалімі» мамандығының 4 курс студенті Сатханов Нұрбек «Дегдар» және «Ұстаз» деректі фильмдердегі Ы. Алтынсариннің ұстаздық бейнесін баяндады.