Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын»
Колледж жаңалықтары

«Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын»

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім Күнмін, өзім — от,
Сөзім, қысық көзім де – от,
Өзіме өзім табынам.
Ақ ниетті, пәк тілекті жалындаған жастар қауымы ұлтымыздың кемел келешегінің иесі екендігін әрдайым есте ұстау керектігін ескерткен, келешек жастардың мейірім мен қайырымға бөленген тамаша мінезін, ананың ақ сүтінен нәр алған кір шалмаған таза жүрегін, жеке мүдде мен жалқы пенделіктен аулақ қасиетті тілегін армандайтынын аңғартып өткен ақиық ақын, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 128 жыл толуына орай колледж оқытушылары Оспанова Раушан Орынбаевна, Досмағамбетова Гүлжан Асхатқызы, Багитова Айнұр Багитовна колледж студенттеріне арнап «Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын» тақырыбында республикалық ашық кездесу алаңын өткізді.
Республикалық ашық кездесу алаңының мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен шығармаларын дәріптеуде аға буын өкілдерінің еңбектері негізінде жастарды ұлттық рухани құндылықтарды қадірлеуге, адамгершілікке, Отансүйгіштікке, бәсекеге қабілетті маман болуға тәрбиелеу.
Кездесу алаңында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінен Мағжантану оқытушысы, Мағжан Жұмабаевтың немере қарындасы Бекенова Гүлмира Тасболатқызы және «Мағжан Жұмабаев ауданының тарихи өлкетану-музейі» филиалынан экскурсовод Фариза Истаевна қатынасып, ақынның өмір жолы, мұражайдағы жәдігерлерімен таныстырса, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мусин Бахыт Алпысбайұлы, Республикалық «Үздік педагог – 2020» конкурсының жеңімпазы, «Қазақстан ұстазы 2020» ұлттық премиясының лауреаты, «Ел үміті» республикалық марафонының жеңімпазы, физика магистрі Қазыбеков Арнұр Маратбекұлы студент жастарға елі үшін еңбек етер, мұратқа талмай жетер, балғын бала шақтан нұрлы болашаққа жарқын қадам жасайтын егеменді ел ертеңі екенін айтып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Кездесу алаңының қонақтары шараның өтуіне мұрындық болған колледж әкімшілігі және оқытушыларына алғыстарын білдірді.
P.S. Ұлыларды ұлықтау – өткенді ұмытпау