Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Өзін-өзі тану пәні- жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол.
Колледж жаңалықтары

Өзін-өзі тану пәні- жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол.

Өзін-өзі тану пәні- жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол.
Өзін-өзі тану пәні бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі "Мектеп" бөлімінің "Математика пәні мұғалімі" мамандығының студенттерінен құрылған "Мағжан сенген жастармыз" тобы педагогика пәні оқытушысы Досмағамбетова Гүлжан Асхатқызының жетекшілік етуімен жеңіске жетіп, Республикалық кезеңге жолдама алды.
☑️Мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Олимпиада білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылысын көтермелеу, жеке қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі тануға ұмтылдыру және дарынды білім алушыларды қолдау. Студенттерімізге Республикалық кезеңнен жеңіске жетулеріне колледж әкімшілігі мен оқытушылары атынан тілек білдіреміз.