Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «ОТАNLife» жобасы
Колледж жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «ОТАNLife» жобасы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «ОТАNLife» жобасы аясында студенттермен «Тәуелсіздік тарихындағы 30 жыл» тақырыбында тәрбиелік шара өтті. Шараны колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мөлдір Сарсенбайқызы ашып, «ОТАNLife» жобасының мақсат,міндеттерімен таныстырып өтті. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің басшысы Гүлімжан Ермекқызы шара барысында биылғы жылдың еліміз үшін ерекше жыл екенін, еліміздің өз тәуелсіздігін жариялап,өз тарихының жаңа кезеңіне қадам басқанына 30 жыл болғанын айтып өтті.Отансүйгіштік қасиетті жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, әр студент бойына отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет, ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып жатырған шараны ашық деп жариялады. Шараны бөлімнің әдістемелік пәндер оқытушысы Нұрғалиева Н.С. ұйымдастырды.
Тәрбиелік шара барысында студенттер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған өлең жолдарын оқып тәуелсіздіктің 30 жыл тарихындағы ең маңызды,ең ерекше, мәнді тарихи оқиғаларға тоқталып,әр атаулы күннің қаншалықты еліміздің даму жолында орны бар екендігі туралы өз ойларын айтып,ортаға салып,бөлісті.
Еліміздің БҰҰ – на мүше болып қабылдануы,ал, 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерді – Мемлекеттік туды, мемлекеттік Елтаңбаны және Мемлекеттік Әнұранды бекіткен ерекше күндері туралы айта келіп, осы еліміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлеп жүруге , көк байрақтың мәнгі биікте желбіреуіне бүгінгі жастарды шақырды.
Ұлттық валюта –теңгенің айналымға енген күні, Ата Заң негізінде өткізілген парламенттік сайлау туралы, қазақ азаматтарының ғарыш әлеміне аттанғаны туралы да студенттер айтып өтті.
Атаулы жылдардың аса маңызды басқа да оқиғаларына тоқталып, ойларын ортаға салып, өлең жолдарын оқыды.
Осы жоба аясында өткізілетін әрбір шара арқылы әрбір студенттің өз еліне деген сүйіспеншілігі, тарихқа деген құрметі арта түседі деген сенімдеміз.