Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі
Колледж жаңалықтары

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі

Алтын алма, алғыс ал:
алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйы.
Қазақ мақалы.
Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Мектеп» бөлімінің студенттері өткен бабаларға, терең тарихымызға құрмет көрсетіп, келешек ұрпақты достық пен бейбітшілік аясындағы дәстүрді жалғастыра отырып, өз алғыстарын бейнеролик түрінде жолдайды. Студенттер колледж ұжымын Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды және Сіздерге бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық, табыс тілейді.
[media=https://www.facebook.com/100013796823361/videos/1189581701511713/]