Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 30 жылдық мерейтойына арналған “OTANlife” жобасы аясында «Ата Заң – тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы» атты танымдық сағат
Колледж жаңалықтары

30 жылдық мерейтойына арналған “OTANlife” жобасы аясында «Ата Заң – тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы» атты танымдық сағат

Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1(9)а тобының студенттеріне, тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған “OTANlife” жобасы аясында «Ата Заң – тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы» атты танымдық сағат өтілді. Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай студенттерге Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Танымдық сағаттың спикері Филология бөлімінің әлеуметтік пәндер оқытушысы Қойшыбекова Данагүл Мыңжасарқызы Ата Заңымыздың жалпы тарихына тоқталып, студенттерге ҚР Конституциясы туралы бейнеролик көрсетілді. Студенттер танымдық сағаттан үлкен мағлұмат алғандарын айтып,тілектерін білдірді. Топ жетекшісі: Рамазанова Ә.Б