Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН: «БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР»
Колледж жаңалықтары

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН: «БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР»

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН: «БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР»
✅Мақсаты: Білімгерлердің танымдық ойлау деңгейін дамыту;Жүргізуші: Қапанова Жанерке Бақытбекқызы - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
Ұйымдастырушылар:
Ахмет Алтыншаш Берікқызы – Биология пәні оқытушысы
Койшыбекова Данагуль Мынжасаровна - әлеуметтік экономика пәндер оқытушысы
Шыныбаева Аякөз Оңдасынқызы – педагогика және психология пән оқытушысы
✅Ойынға М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Шетел тілі мұғалімі» мамандығының 3-курс студенттері: Амирбек Жұлдызай, Әбдікәрім Дана, Мажит Ақнұр. Жетекшісі Расмуханова Гульшат Амангельдиевна.Талдықорған жоғары политехникалық колледжі «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының 1 курс студенті Қыдырбек Жәнібек . Жетекшісі Карибаева Салтанат.
Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық» колледжі «Радиоэлектроника және байланыс бөлімі» мамандығының студенті Әбжапбар Гүлнұр. Жетекшісі Елбасиева Гулнар Серикбаевна.
С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының 1 курс студенті Орынтай Санжар. Жетекшісі Блялова Бибигуль.
С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті Русланова Айкөркем. Жетекшісі Ербатырова Махаббат Тулегеновна.
«Апек Петротехник жоғары колледжі» КИП мамандығының КИП-120 тобының студенті Қыдырқожа Бекзат. Жетекшісі Макашева Акзат Муратовна.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Мақсотова Асылай. Жетекшісі Қапанова Жанерке Бақытбекқызы.
Ойын 2 кезеңнен тұрды. I кезең бойынша білімгерлеріміз нақыл сөздердің жалғасын тауып айтса, ал II кезең бойынша ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы (бейне) сұрақтарға жауап берді.
Сұрақтарды жолдаушы:
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, химия кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Тантыбаева Батима Сматаевна.
Семей қаласы «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің» Филология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Тлебалдина Нұргүл Қазанбайқызы.
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Каленова Гульжамал Батыргалиевна.
Әр облыстан қатынасқан зерделі білімгерлерге колледж директоры А.С.Қарабаева атынан Алғыс хаттар табысталды.