Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Алғысым шексіз бабаларыма!» атты тәрбие сағаты
Колледж жаңалықтары

«Алғысым шексіз бабаларыма!» атты тәрбие сағаты

Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Еңселі еліміздің тәуелсіздігі жолында ерең еңбек еткен тұңғыш президентіміз елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен бастау алған «1 Наурыз Алғыс айту күні» елімізде атаулы мерекелік күн ретінде есте сақталды. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Осыған орай Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің" 1(9)мдт жб тобымен бірлесе отырып топ жетекшісі Досболатұлы Хасанның ұйымдастыруымен онлайн форматта zoom платформасымен ««OTANLife» жобасы аясында ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай аталмыш мереке «Алғысым шексіз бабаларыма!» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты барысында «Тәуелсіздік жолында» атты видеоролик көрсетілді.1(9) саз тобының студенті Қайрлы Әйіптің орындауында «Әлқиса» күйі орындалды, әрмен қарай орыс ұлтының өкілі Мектеп бөлімінің студенті Есенкова Любов «Алғысым шексіз бабаларыма!» атты видео үндеу жолдап,сонау зобалан заманда жомарттық танытқан қазақ халқына алғысын білдірді.Филология бөлімінің студенті Шораева Гүлнұр өз туындысын оқып жүрекжарды өлеңімен тәрбие сағатымызды өрнектеді. Тәрбие сағатымызды директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мөлдір Сарсембайқызы қортындылап алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіріп өтті. Тәрбие сағатының соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.