Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Алғыс айту - тарихқа тағзым ету» атты тәрбиелік шара
Колледж жаңалықтары

«Алғыс айту - тарихқа тағзым ету» атты тәрбиелік шара

Көктемнің алғашқы күнін Қазақстандықтар рақмет сөзімен бастайды.1 наурызды отандастарымыз «Алғыс айту» мерекесі ретінде атап өтеді.Аталмыш бұл мереке 2016 жылы 14 қаңтар күні заңды күшіне енген болатын. Бұл мерекенің басты мақсаттарының бірі - жас ұрпақтың арасында шыдамдылық, сүйіспеншілік, достық сезімдерін ояту, ұлтаралық қатынастар мен келісімдерді нығайту. Осы мерекеге орай Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Филология» бөлімінің 1- 2 курс топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен
«Алғыс айту - тарихқа тағзым ету» атты тәрбиелік шарасы өтті. Оқытушылар Кушергалиева А.Н мен Кургенова Г.М. осы колледжде еңбек еткен басқа ұлт өкілі ардагер ұстаздарымызбен байланысқа шығып, видео түсірілім жасады. Бізбен кері байланысқа түскен Шафиева Роза Халимовна мен Жигулевцева Татьяна Павловнаға ризашылығымызды білдіреміз. Осы шараға қатысқан студенттерімізге рақмет айтамыз.
«Қармен жуылған қан» (Алжир) кинофильмінен үзінді инсценировка қойылды. Фильмнің негізгі арқауы - тағдыр тәлкегіне тап болып қазақ жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдеріне қазақ халқы достық пейілмен құшақ жая қарсы алып, олардың бастарына түскен ауыртпашылықтарын бірге көтере білуін көрсету. Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кульчикова М.С. және «Филология» бөлімінің меңгерушісі Доскариева Қ.Ғ. қорытынды сөз сөйледі.
Бір – бірімізге рақмет айтып, алғыс білдіріп жүрейік.
[media=https://www.facebook.com/100013796823361/videos/1192144614588755/]