Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3 (9) мдт /жа/ тобының студенттері «Алғыс айту парызым» атты тәрбиелік шара өткізді
Колледж жаңалықтары

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3 (9) мдт /жа/ тобының студенттері «Алғыс айту парызым» атты тәрбиелік шара өткізді

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді.
Жер әлемді шуаққа бөлейтін көктемнің алғашқы күнімен тұстас келетін Алғыс айту күні – патриоттық сезімді арттыратын бірлік пен достықтың жарқын мерекесіне орай Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3 (9) мдт /жа/ тобының студенттері «Алғыс айту парызым» атты тәрбиелік шара өткізді.Топ жетекшісі Нұрғалиева Нұргүл Серікқызы.
Алғыс – адамның – адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі.1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ.
Елімізде 2016 жылдан бері аталып келе жатқан бұл мерекенің мәні де, мағынасы да зор.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, Алғыс айту күні ғана емес, арайлап атқан əр күні бір-бірімізге «Рақмет» айтудан шаршамайық, достар!