Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «XXI ғасырдың жастары – ғылым, білім, шығармашылық» тақырыбындағы студенттерге арналған республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы
Колледж жаңалықтары

«XXI ғасырдың жастары – ғылым, білім, шығармашылық» тақырыбындағы студенттерге арналған республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектеп» бөлімі 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының білім алушылары 26.01.21-01.03.21 аралығында облысымыздың әр өңірінде «Байқау» практикасынан өтті. Байқау практикасының мақсаты – білім алушыларды бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметіне дайындау. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында машықкерлер сабақты өткізудің әдіс – тәсілдерімен қаруланып, сабақты ұйымдастыру мен өткізуге дайындық жасауда практика әдіскерлерімен тығыз байланыс жасап отырды.
Колледждің өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Мұқсиева Нұргүл Еділқызының және практика әдіскерлерінің қатысуымен «Бүгінгі машықкер – болашақ маман» тақырыбындағы «Байқау» практикасының қорытынды конференциясы 3 наурыз күні ұйымдастырылды. Қорытынды конференцияда машықкерлердің рефлексивті есебі тыңдалып, олардың жұмыстарына әдіскерлер пікірін білдіріп, оң баға берді.
Практика кезіндегі білімін ғылыми жұмыспен байланыстыра білген машықкер Ильяс Үміт Қайратқызы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «XXI ғасырдың жастары – ғылым, білім, шығармашылық» тақырыбындағы студенттерге арналған республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысып, «Дүниетану пәнін оқытуда жаңартылған әдістерді қолданудың тиімділігі» атта баяндамасы «Ең үздік баяндама» номинациясымен марапатталған.
Сондай – ақ топ студенттері мекеме тарапынан көптеген «Алғыс хаттарға» ие болса, кей мекеме басшылары жұмысқа алып қалуға ұсыныстарын да білдірген екен.
Біз түлектеріміздің бәсекеге қабілетті, тамаша маман болатынына сеніміміз мол.