Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » “Білім мен ғылым - кәсіби жетістікке апаратын жол” тақырыбында диплом алды тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті
Колледж жаңалықтары

“Білім мен ғылым - кәсіби жетістікке апаратын жол” тақырыбында диплом алды тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі “Шетел тілінен бастауыш білім беру мамандығы” 4(9)в тобы студенттерімен “Білім мен ғылым - кәсіби жетістікке апаратын жол” тақырыбында диплом алды тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияға директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Н.Е.Мұқсиева, әдіскер М.Кульчикова және колледж ұстаздары мен білім алушылары қатысты.
Конференция барысында топ старостасы Мырзағалиева Ақмарал машықкерлер туралы жалпы шолу жасап, білім алушыларымыз тәжірибе барысында қолданған тиім ойын түрлерін көрсетіп, практикалық жұмыстар жүргізді.
Бақтыгереева Айгерім “Jeopardy” ойыны. Мақсаты: Сабақ барысында оқушының қызығушылығын арттыру болып табылады.
Бөлімдерден (Unit or Module) келесі бөлімге өту барысында осы интеллектуалды ойынды қолданса,бала бір жағынан қызығады,бір жағынан оның қаншалықты білім меңгергенін білеміз.
Зейнетолла Гүлсая “My toys” тақырыбына арналған презентация-ойын.
Мақсаты: Балабақшаның балаларына жаңа сөздерді, белгілі бір тақырыпқа байланысты білімдерін шыңдау.
Crassword ойыны
Мақсаты: Жаңа сөздерді қайталау.
Нұрлыбекқызы Аружан Past Simple тақырыбында презентация қолданып жұмыс жүргізу.
Мақсаты: Етістіктің өткен шақ формасын қайталау.