Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
Колледж жаңалықтары

«Brain-Ring»

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 1 (9) а және 1(9) в студенттері арасында «Brain-Ring» атты үш тілде интеллектуалды сайыс ақпан айының 19-жұлдызында Zoom платформасында өтті.
Сайыстың мақсаты: Студенттерге жалпыадамзаттық құндылықтар тұжырымдамасына адамгершілік тәрбиесін және толеранттылық пен отбасына және адамдарға деген құрмет сезімін тәрбиелейтін , қиын жағдайларға бағдарлай алатын, студенттердің үш тілді үйренуге деген ынтасын дамытып, оларды еңбек пен кәсіпке баулуда психикалық тұрақты, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру болатын.
Сайысты бастамас бұрын студенттерге «Мұғалім сыйы» ретінде ағылшын тілінде «Stone on the road» атты адамгершілік пен адами құндылықтарға баулитын тәлім-тәрбиелік мазмұнында қысқа видео көрсетіліп, мақсаты мен күтілетін нәтиже зерделенді. Сайыстың «Ұлы тұлғалар», «Великие люди», «Great people» атты I- турында әр студент таңдаған сан бойынша А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А.Пушкин, Л.Толстой, У.Шекспир, Ч.Диккенс сынды одан басқа да қазақ, ағылшын, орыс ұлтының көрнекті ақын-жазушылары мен мәдениет өкілдерінің өмірбаяны мен танымал шығармаларын 3 тілде қысқаша баяндап берді.Сайыстың II-туры «Миға шабуыл», «Мозговой штурм», «Brainstorm». Бұл турда берілген «The History of Sport & Science», «Geography facts», «Art & Literature», «Riddles» атты тақырыптар бойынша әр қатынасушы ұяшықтар арқылы сандарды таңдап, тапсырмаға 3 тілде барлығы да дұрыс жауап берді. Келесі «Жорға», «Тёмная лошадка», «Race- Horse» атты сайыста қазақ тілінде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, ағылшын және орыс тіліндегі баламаларын айтудан да студенттер жаңылған жоқ. Соңғы 4-тур топ басшыларына арналған «Көшбасшы», «Гонка за лидером», «Leadership» сайысында әр топқа 8 сұрақ қойылып, жауабын 3 тілде айтуда да студенттер белсенділік танытты.
Сайыс 1 (9) а тобы «The Magnificent Seven», топ басшысы Шнайбекова Азиза және 1(9) в тобынан команда басшысы Манкешова Анель «Dream Team» атты 2 команда арасында 4 турдан тұратын қызу тартыста тепе-тең аяқталып, нәтижесінде ағылшын тілінде қосымша сұрақтан идиомалардың мағынасын ашуда 3 сұраққа жауап беруде , оқ бойы озық көрінген «Dream Team» тобы 1-орынмен, «The Magnificent Seven» тобы 2-орынмен марапатталды. Сайыстың қорытындысын «Brain-Ring» шарасын ұйымдастырушы колледж әдіскері, ағылшын тілінің жоғары санатты оқытушысы Исенгариева Рахат Хаиргалиевна жариялап, инттеллектуалды ойын туралы алған әсерлері мен өз ойларын қатынасқан оқытушылар атынан бірлестік жетекшісі Мөлдір Сарсенбайқызы,ағылшын тілінің мұғалімі Т. Мұқан және студенттер арасынан А.Шнайбекова ағылшын тілінде алғыстарын білдірді. «Үштілділік» бойынша «Brain-Ring» атты интеллектуалды сайыс осылай өз мәресіне жетті.