14 наурыз - Көрісу күні
Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж ұжымы 14 наурыз - Көрісу күнімен шын жүректен құттықтайды. Бұл мереке шуақты көктемнің шуағын шашып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойының бастамасы. Көрісу – тек адамдардың бір-бірімен амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.