Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Бүгінгі білімді ұрпақ — еліміздің ертеңгі болашағы
Колледж жаңалықтары

Бүгінгі білімді ұрпақ — еліміздің ертеңгі болашағы

Бүгінгі білімді ұрпақ — еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан балаларға қосымша білім берудің маңызы зор. Осы орайда Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде құрылған “Сенім” жобасы білім алушыларымыздың
әлемді жақсылықпен тербетуге, мейіріммен жұбатуға, қолдаумен жәрдемдесуге, көмек қолымен алға жетелеуге өз үлесін қосуға дайын студенттердің бірлестігі. Сондықтан балаларға қосымша білім берудің маңызы зор. Осы орайда Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде құрылған “Сенім” жобасы білім алушыларымыздың әлемді жақсылықпен тербетуге, мейіріммен жұбатуға, қолдаумен жәрдемдесуге, көмек қолымен алға жетелеуге өз үлесін қосуға дайын студенттердің бірлестігі.
Еріктілік жұмыс – бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін танытатын, әлеуметтік жауапкершілікке, патриотизмге, көшбасшылық қасиеттерге, студенттерді бірін-бірі түсінушілікке және қолдауға тәрбиелейтін кең ауқымды қызмет түрі. Біздің мақсатымыз жастар энергиясын өздерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына және қоғам пайдасына бағыттау.
Біз қазір әлемде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың куәсі бола отырып, жер бетінде жақсылықтың таралуына, үстем болуына мейлінше өз үлесін қосуда еңбектенетін жандардың қатарынанбыз. Біз - көмекке мұқтаж жандардың барлығына, үлкені мен кішісіне мейлінше жәрдем етуді өз мақсатымыз деп білетін студент жастардың бірлестігіміз. Біздің мақсатымыз - жақсылыққа үндеу, жақсылықтың таралуына еңбек ету және жан жылуымен бөлісу. Сіз де біздің қатарымыздан табылыңыз!