Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Мен жасаған игі іс» шарасы
Колледж жаңалықтары

«Мен жасаған игі іс» шарасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «OTANLife» жобасын іске асыру жөніндегі жоспары аясында «Наурыз мерекесін» атап өту және Атырау облысы Білім беру басқармасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшу жөніндегі жол картасының арнайы «Дәстүр мен ғұрып», «Ulttyqtarbie» жобалары аясында Игі істер күніне орай «Мектеп» бөлімінің 4(9) мт тобында «Мен жасаған игі іс» шарасы өтілді.
22 наурыз – қазақтың жаңа жылы, Ұлыстың ұлы күні! Бұл күні адамзат жақсы іс істеуге ұмтылады. Соның бірі де бірегейі жетім-жесірге, кембағал адамдарға көмек беру болып табылады. «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Осы сөзді ұран еткен студенттер өз ауылдарындағы көмекке мұқтаж жандарға көмек қолдарын созды. ZOOM платформасында жинала отырып «Мен жасаған игі іс» тақырыбы бойынша өздерінің жасаған қайырымдылықтарын баяндады. Студенттер қан орталығында донор, еріктілер тобының құрамында, «Аялы алақан», «Асар» қайырымдылық акцияларында атсалысқан.
Көктемде жерге тал егу – игі іс екенін ескере отырып "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" дейтін қазақтың ағаш отырғызу ісіне де баса мән береміз деп топ студенттері шараны аяқтады.
Қашан да айналасына жүрек қалауымен көмек көрсетер жандар көп болсын! Игілікті істер мен шаралар жаңа белестердің бастауы, жаңа баспалдақтар, болашаққа апарар сәтті қадамдар деп сенеміз. Жақсылық жасаған адамның алғыс алары сөзсіз. Барлығымызда тек жақсылықтың жаршысы, игілікті істердің елеушісі болуға шақырамыз, достар!