Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Меморандум. Атырау облысы Білім беру басқармасы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық
Колледж жаңалықтары

Меморандум. Атырау облысы Білім беру басқармасы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық

     Меморандум. Атырау облысы Білім беру басқармасы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық негізінде колледж директоры А.С.Қарабаева мен ректор С.Н.Идрисов ҚР білім беруді және ғылымды кіріктірудің мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыру мақсатында өзара сыйластық, түсіністік пен тиімділік принциптерін негізге ала отырып, осы меморандумға қол қойды.
     Жоғары білім беру мен техникалық және орта білімнің бағдарламаларының кіріктірілуін қамтамасыз ету, теориялық даярлық пен өндірісте практикалық дағдыларды меңгеруді, ТжКБ жүйесіне молульдік- құзыреттілік тұрғыда білім беру мақсатында екі білім ордасының арасындағы байланыс ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуге, кәсіби білім берудің мазмұнын жетілдіруге оқу-әдістемелік құралдарды жасақтауға, педагогикалық ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін енгізуде серіктестіктің тиімді оң нәтиже берері сөзсіз.