Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Болашақ тәрбиеші мамандарын даярлауда Soft Skills және Hard Skills дағдыларын қалыптастырудың жолдары»
Колледж жаңалықтары

«Болашақ тәрбиеші мамандарын даярлауда Soft Skills және Hard Skills дағдыларын қалыптастырудың жолдары»

      Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің ұйымдастыруымен «Болашақ тәрбиеші мамандарын даярлауда Soft Skills және Hard Skills дағдыларын қалыптастырудың жолдары» атты республикалық көлемде коучинг сағаты өтті. Коучингтің мақсаты - болашақ тәрбиеші мамандарының бойында көшбасшылық, сыни ойлау, тілдерді білу дағдыларын дамыту, бағыт – бағдар беру.Шараны директордың өндірістік тәжірибе-ісі жөніндегі орынбасары Мұқсиева Нұргүл Еділқызы бастап ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған республикалық көлемдегі онлайн коучингке Атырау Облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының әдіскері Джулмуханова Гульнара Днишовна, Жезқазған гуманитарлық колледжінің оқытушысы Сатыбалдина Динара Умыралиевна, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Аксукент елді мекені, Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының арнайы пән оқытушылары Абзелова Улпан Оралбековна, Дулатова Ақбота Увайдулақызы, Алиева Макбал Бекбосынқызы және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының арнайы пән оқытушысы Бисенгалиева Назымгул Разиховна және де колледжіміздің оқытушылары мен бітіруші топтардың студенттері қатысты.
Шара соңында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің меңгерушісі Суталиева Гүлімжан Ермекқызы республикалық көлемде өткізілген коучинг сағатына кері байланыс жасап, іс-тәжірибелерді қорытындылады. Әр мекеннен қатысқан әріптестерге үлкен рахмет айтып, алғысын білдірді. Ұйымдастырылған коучингтің оқытушыларға және «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» мамандығын бітіруші топ студенттерге болашақта білім беруде маңызы зор болды.Коучингте айтылған пікірлер нәтижесінде шара өз мақсатына жетті.