Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Исатай Тайманұлы – азаттық жолындағы күрескер»
Колледж жаңалықтары

«Исатай Тайманұлы – азаттық жолындағы күрескер»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында “Исатай батыр” қоғамдық қорының бастамасымен “Исатай Тайманұлының 230 жылдық мерейтойына орай Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 1 курс білім алушыларына арналған «Исатай Тайманұлы – азаттық жолындағы күрескер» тақырыбында тәрбие шарасы ұйымдастырылды.
Ел азаттығы жолында қол бастаған даңқты тұлғаның мерейтойы тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өткенсіз бүгін жоқ. Тарихи тұлғалар ұрпақ жадында мәңгі жатталып қалуы тиіс. Аталмыш тәрбие шараның мақсаты да осы болатын.
Тарих беттерінде өскелең ұрпақ ұмытпайтындай із қалдырған Исатай Тайманұлының ерлік ісі қаймана қазақ үшін қашан да үлгі екені сөзсіз. Шара барысында білім алушыларымыз Исатай Тайманұлының өмірбаяны, еркіндік жолындағы күреске келуінің себептері, «Жұмыр, Қылыш» күйінің шығуы туралы өз ойларын ортаға салды. Ұлы тұлғаларын ұлықтаған ұлттың ұтары да мол. Жастардың бойында патриоттық тәрбие қалыптастыруда өткізілген шарада қатысушылар жақсы әсер алды.