"Жаңартылған білімге жаңа көзқарас"
Қандай да бір мамандық өзінше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі – мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.