Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Педагогика, психология, өзін-өзі тану және жеке пәндер әдістемесі» пән бірлестігінің оқытушылары Рабай К.Т, Сатвалдиева М.Н және Изимова Г.Н. авторлық көмекші құралдарын дайындады
Колледж жаңалықтары

«Педагогика, психология, өзін-өзі тану және жеке пәндер әдістемесі» пән бірлестігінің оқытушылары Рабай К.Т, Сатвалдиева М.Н және Изимова Г.Н. авторлық көмекші құралдарын дайындады

Қазіргі кезде білім беру саласында оқушылар үшін терең білімнің де, соған сәйкес тәжірибелік дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі туралы тұжырым қалыптасты.Заманауи оқыту тәсілдерінің негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді тек меңгеріп қана қоймай, соны іс жүзінде орынды қолдана білуіне басты назар аударды. Осы жолда мұғалімдерден уақыт өзгерісінің мәнін тани отырып, шәкірттерді өзіндік ойлауға, шешім қабылдауға және өзі жасаған таңдауының жауапкершілігін сезінуге уйрету талап етілуде. Сол талап үдерісінен шығу мақсатында Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Педагогика, психология, өзін-өзі тану және жеке пәндер әдістемесі» пән бірлестігінің оқытушылары Рабай К.Т, Сатвалдиева М.Н және Изимова Г.Н. авторлық көмекші құралдарын дайындады. Көмекші құралдың мақсаты:білім алушылардың білім деңгейін көтеру, қазіргі заман талабына сай біліммен қаруландыру. Осыған орай бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен әдістемелік құралдардың тұсау кесер шарасы аталып өтілді.