Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Екі дауыс: Пушкин және Абай "
Колледж жаңалықтары

"Екі дауыс: Пушкин және Абай "

Қазақ және орыс тілдері апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Садыкова Бексулу Турсынбаевна Филология бөлімінің 1/9 В тобы студенттерімен ZOOM платформасында "Двух голосов перекличка:Пушкин и Абай " атты әдеби кеш өткізді.
Бұл кеште қазақтың ұлы ақыны, философы, данасы Абай Құнанбаев пен орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин творчестволарының жақындығы жайлы сөз қозғалды.
Екі халықтың екі алыбы, бүкіл әлемге атағы жайылған екі ұлы ақын осы кеште бас қосты. Олар мейірімділік, махаббат, бақыт, табиғат, поэзия және ақынның қоғамдағы орны жайлы сыр шертісті.
Студенттер бұл кеште есімдері аңызға айналған осы бір керемет ұлы тұлғалар жайлы өз толғаныстарын ортаға салып, өлеңдерін үлкен тебіреніспен оқыды.
Ұлы ақындар жайлы видеороликтер мен слайдтар тамашаланды.
Кеш өте әсерлі өтті.