Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Студенттік көктем- 2021» байқауы
Колледж жаңалықтары

«Студенттік көктем- 2021» байқауы

«Студенттік көктем – 2021 » байқауының жеңімпаздары анықталды.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Мектеп» бөлімінің 1 курс студенттері арасында «30: Әрекет ет – 30: Время действовать» тақырыбында «Студенттік көктем- 2021» байқауы өтілді.
Биыл бұл шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты «30: Әрекет ет – 30: Время действовать» тақырыбына арналды. Байқаудың мақсаты – жастар арасында салт-дәстүрді нығайту, ұлттық аспаптарды қастерлеу, бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды қалыптастыру. Шараның қашықтықтан өтуіне қарамастан, бөлім студенттері асыға күтетін бұл байқауға жастар белсене атсалысты. Байқаудың әділ қазы алқаларына, өнері мен өнегесі жарасқан жастардың арасынан үздігін таңдау оңайға түскен жоқ. Дегенмен, сайыстың шарты да сол – оза шапқан жүйріктерді анықтау.
Сондай-ақ, өнер додасына көктемдей көңілдерімен, ұлттық ойындарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптейтін осынау мерекені ұлықтауға үлес қосқан «Мектеп» бөлімінің өнерлі студенттеріне ұйымдастырушы алқасы атынан алғыс білдіреміз.